Австрия елшілігінің коммерциялық атташесі KAU-да
Қазақ-Американ Университетінде (KAU) Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстандағы Австрия Федералдық экономикалық палатасының коммерциялық атташесі Давид Пёльцляйтнердің қонақ дәрісі өтті. Іс-шара «Астана» дипломатиялық клубымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Сапар барысында қонақ KAU президенті Асылбек Исаховпен кездесті. Кездесуде университеттің австриялық бизнес-қоғамдастықпен өзара байланысы және серіктестік қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды.
Одан кейін Давид Пёльцляйтнер «Австрия мен Орталық Азия арасындағы сауданы ілгерілету» тақырыбында KAU студенттеріне дәріс оқыды. Спикер Австрия Федералдық экономикалық палатасының Орталық Азия нарықтарында австриялық компанияларды қолдаудағы рөлі, сондай-ақ Австрия мен өңір елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту перспективалары туралы айтып берді. Давид Пёльцляйтнер австриялық компаниялармен жұмыс істеудегі практикалық тәжірибесімен бөлісіп, инновациялық жобалар мен іскерлік байланыстарды кеңейту тетіктері туралы баяндады.
Кездесу соңында студенттер халықаралық сауда және іскерлік құқық саласындағы мансап, сондай-ақ австриялық-қазақстандық экономикалық ынтымақтастық аясында жас мамандарға арналған мүмкіндіктер туралы сұрақтар қойды.