Студенттерге
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ
KAU Психологиялық қолдау қызметі эмоционалдық, жеке және оқу үдерісіне байланысты қиындықтарға тап болған студенттерге құпия көмек көрсету мақсатында құрылған.
СІЗ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ КЕЛЕСІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЖҮГІНЕ АЛАСЫЗ:
Отбасы және жақын ортаға қатысты мәселелер (ата-анамен, аға-әпке, бауырлармен қарым-қатынас, отбасылық жанжалдар)
Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудағы қиындықтар (тұлғааралық қақтығыстар, жалғыздық сезімі, қарым-қатынас орнатудағы қиындықтар)
Романтикалық және серіктестік қарым-қатынастардағы мәселелер
Оқуға байланысты қиындықтар (университет ортасына бейімделу, академиялық стресс, прокрастинация, үлгерімге байланысты алаңдаушылық, оқу үдерісіндегі жанжалдар)
Дағдарыстық жағдайлар, соның ішінде суицидтік ойлар немесе ниеттер
Өзін қабылдау және өзін-өзі бағалау мәселелері (сенімсіздік, сырт келбетіне, қабілеттеріне және тұлғалық дамуына қатысты уайымдар)
Физикалық және психикалық денсаулыққа қатысты мәселелер, соның ішінде психосоматикалық жағдайлар мен денсаулыққа байланысты шектеулер
Эмоционалдық күйлер (мазасыздық, апатия, депрессивті көңіл-күй, қорқыныш, ашушаңдық, эмоционалдық сарқылу)
Тәуелді мінез-құлық түрлері (тамақтану бұзылыстары, ко тәуелділік, никотинге, ойынға және басқа да тәуелділіктер)
Травмалық тәжірибені бастан өткеру (зорлық-зомбылықтың түрлі түрлері, харассмент, жақындарынан айырылу, ауыр өмірлік жағдайлар)
Қызметке жүгіну ерікті түрде жүзеге асырылады және толық құпиялылық сақталады.
Консультацияға жазылу
Эмоционалдық күйзелістің алдын алуға арналған 10 кеңес
Университетке жылдам бейімделуге арналған 10 кеңес
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
Иә, анонимділік пен жеке деректердің құпиялылығына толық кепілдік беріледі.
Сіз келесі сілтеме арқылы форманы толтыра аласыз: Формаға сілтеме
111 — балаларға, әйелдерге, ерлерге және халықтың осал топтарына арналған психологиялық және ақпараттық қолдау қызметі.
3580 — халықтың барлық топтарына арналған call-орталық.