KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 25.08.2024

Жатақхананы бөлу тәртібі

Құрметті студенттер, Студенттер үйіндегі орындарды бөлу тәртібі туралы ақпаратты қайта жолдаймыз.

  1. Әрбір талапкер құжат тапсыру кезінде Студенттер үйінен орын алуға өтініш қалдырады (барлық қажетті құжаттарды, соның ішінде әлеуметтік мәртебесін растайтын толық құжаттар пакетін тіркейді).
  2. Студенттер үйіндегі орындар басқа қаладан келген және жатақханаға мұқтаж білім алушыларға беріледі.
  3. Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланып, оқуға қабылдау аяқталғаннан кейін арнайы құрылған комиссия барлық өтініштерді қарайды. Тізімдерді қарауға мемлекеттік грант нәтижелері шыққан күннен бастап 14 жұмыс күні беріледі.

Университетте Студенттер үйіндегі орындарды бөлудің автоматтандырылған жүйесі жұмыс істейді. Әр талапкер университеттің электронды базасында тіркеуден өтіп, жатақхана қажеттілігі туралы мәлімет енгізіп, барлық растайтын құжаттарды жүктейді. Жоғары курс студенттері өтінішті электронды портал арқылы береді. Жүйе әр тармақ бойынша балл қойып, автоматты түрде рейтинг жасайды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №219 бұйрығына сәйкес басымдық келесі санаттарға беріледі:

  • жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • I, II және III топтағы мүгедектігі бар тұлғалар;
  • ата-анасының бірі немесе екеуі де мүгедектігі бар тұлғалар;
  • асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  • ауыл жастары;
  • қандастар;
  • әскери қызмет өткерген азаматтар;
  • «Серпін – 2050» жобасының қатысушылары;
  • «Алтын белгі» иегерлері және олимпиада жеңімпаздары;
  • ҰБТ немесе емтихан нәтижесі жоғары студенттер;
  • оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтиже көрсеткен жоғары курс студенттері;
  • көпбалалы отбасынан шыққан студенттер;
  • шетелдік студенттер;
  • академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер;
  • басқа да білім алушылар.

Толық ақпарат:
https://mok.edu.kz/процесс-заселения-в-дом-студентов/

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.