SITE профессоры KAU студенттері үшін воркшоп өткізді
KAU-де Швейцария технологиялар және кәсіпкерлік институтының (SITE) профессоры Эрик Мансанарестің қатысуымен практикалық бағыттағы воркшоп өтті. Айта кетерлік, KAU мен SITE арасындағы ынтымақтастық аясында студенттер бірлескен бағдарламалар бойынша білім алып, Қазақстаннан шықпай-ақ екі жоғары оқу орнының дипломдарын алады.
Кездесу «Жасанды интеллект бизнес пен кәсіпкерлікке қалай әсер етеді?» тақырыбына арналды. Воркшоп барысында студенттерге AI-дың бизнес саласында қолданылуының нақты кейстері ұсынылып, жобаларды ауқымдауға арналған Lean-әдіснамасы негізіндегі заманауи құралдар таныстырылды. Бұл тәсіл ресурстарды тиімді пайдалануға және бизнес-идеяларды жылдам сынақтан өткізуге бағытталған.
Бағдарлама соңында марапаттау рәсімі өтті, онда бірлескен білім беру бағдарламаларының студенттері Мадрид қаласына білім беру сапарына сертификаттар алды.
Воркшоп қатысушыларға өзекті тәжірибелік білім алуға, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тереңірек түсінуге және жобаларды әзірлеу мен дамытуға арналған заманауи құралдарды меңгеруге мүмкіндік берді.
