KAU президенті – Халықаралық математикалық олимпиададағы Қазақстан құрамасының жетекшісі
Шанхайда мектеп оқушылары арасындағы ең көне әрі ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі – 67-ші Халықаралық математикалық олимпиада (IMO) өтеді. Сайыс Шанхай орта мектебінің кампусында ұйымдастырылады.
IMO 1959 жылдан бері өткізіліп келеді және жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты жас математиктерді біріктіреді. Әр елдің атынан алты қатысушы мен екі жетекшіден құралған команда қатысады. Қазақстан IMO-ға 1993 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде еліміздің оқушылары алтын, күміс және қола медальдар жеңіп алып, дайындық деңгейінің жоғары екенін тұрақты түрде дәлелдеп келеді. Өткен жылы Австралияда өткен додада ұлттық құрама елге алты медальмен оралды.
2020 жылдан бері Қазақстан құрамасын Қазақ-Америка университетінің президенті, PhD докторы Асылбек Исахов басқарып келеді. Ол көптеген жылдар бойы оқушыларды BMO және IMO сынды ірі зияткерлік турнирлерге дайындау ісіне атсалысып келеді. Оның тәжірибесі мен жүйелі жұмысының арқасында қазақстандық қатысушылар халықаралық аренада бірнеше мәрте жоғары нәтижелер көрсетті.
Қазақстан құрамасына әлемдегі басты математикалық алаңдардың бірінде сенімді өнер көрсетіп, мықты шешімдер мен жаңа жеңістер тілейміз!