KAU командасы ХБК Спартакиадасында шахматтан жүлделі орын алды
KAU командасы ХБК Спартакиадасында шахматтан жүлделі орын алды
Халықаралық білім беру корпорациясында Амирлан Қусаиновты еске алуға арналған қызметкерлер мен оқытушылар арасындағы Спартакиаданың жабылу салтанаты өтті.
Спорттық іс-шара корпоративтік рухты нығайтуға, командалық өзара әрекеттесуді дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
Қатысушыларды ХБК Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Айғазы Қусаинов құттықтап, мұндай жарыстар ұжымның бірлігін нығайтып, спорттық дәстүрлерді сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Апта бойы корпорацияның 12 командасы эстафета, шахмат, волейбол, баскетбол, мини-футбол, армрестлинг және үстел теннисі бойынша бақ сынасты.
Жарыстар достық атмосферада, көрермендердің белсенді қолдауымен өтті.
Қорытынды бойынша әр спорт түрінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, медальдар мен грамоталармен марапатталды.
Қазақ-Американдық университетінің командасы Спартакиадаға белсенді қатысып, шахмат турнирінде құрметті екінші орын иеленді.
Іс-шара қатысушыларға жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсер сыйлаған маңызды спорттық оқиғаға айналды.