KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 23.01.2026

KAU командалары II Халықаралық студенттік жобалар байқауында жүлделі орындарға ие болды

KAU командалары II Халықаралық студенттік жобалар байқауында жүлделі орындарға ие болды

2026 жылғы 22 қаңтарда Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті ұйымдастырған «Экономика 2026» Қысқы мектебі аясында «Өзекті жобалар: идеяларды іздеу және оларды жүзеге асыру» атты II Халықаралық студенттік жобалар байқауы онлайн форматта өтті.

Байқау қорытындысы бойынша Қазақ-Американдық университетінің екі командасы өз бағыттары бойынша екінші орын иеленді.

«Әлеуметтік жобалар» бағыты бойынша «Jurekten Jurekke» жобасы екінші орынға ие болды. Жоба әлеуметтік маңызы бар бастамалар мен азаматтық жауапкершілікті дамытуға арналды.

Жоба авторлары: Әбдіхадыр Анел, Жолмұханбет Аяулым және Бейсембек Айғаным. Ғылыми жетекшілері — Асанова Тұмар мен Рүстемова Айгерім.

«Инновациялық жобалар» санатында «3D басып шығару технологияларын қолдана отырып қолжетімді протездер мен ортопедиялық бұйымдар өндіру» жобасы екінші орын алды.

Жоба авторлары: Батырбекұлы Әлішер, Карсыбай Назерке және Айдарбекова Сымбат. Ғылыми жетекшілері — Асанова Тұмар мен Бильдебаева Айгүл.

Командалар мен ғылыми жетекшілерін лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.