KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 03.07.2026

KAU-дағы жеңілдіктер: жетістіктер үшін

Талант пен табанды еңбек әрқашан лайықты бағалануы тиіс. KAU-да оқу барысында жоғары нәтижеге қол жеткізген, олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, спорттық жарыстарда және басқа да маңызды байқауларда жеңіске жеткен талапкерлерге арналған арнайы жеңілдіктер жүйесі қарастырылған.

«KAU Bilim Qyrany» республикалық олимпиадасының төрт бағыттың бірі бойынша бірінші орын иеленген қатысушылары бүкіл оқу кезеңіне 100% жеңілдік алады. Екінші орын иегерлеріне – 50%, үшінші орынға – 25%, ал 4-орыннан 10-орынға дейін иеленген қатысушыларға 15% жеңілдік қарастырылған. Жеңілдікті сақтаудың негізгі шарты – оқу үлгерімінің GPA 3,33-тен төмен болмауы.

ҰБТ-дан жоғары балл жинаған талапкерлер үшін де айтарлықтай мүмкіндіктер бар. 126 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер GPA 3,30-дан төмен болмаған жағдайда бүкіл оқу кезеңінде тегін білім ала алады, яғни 100% жеңілдік беріледі. 110–125 балл жинағандарға – 50%, 90–109 балл жинағандарға – бір оқу жылына 25% жеңілдік қарастырылған, бұл ретте GPA 3,30-дан төмен болмауы тиіс. Ал 80–89 балл жинаған талапкерлерге GPA 3,00-ден төмен болмаған жағдайда 15% жеңілдік беріледі.

ҰБТ-дан 100 және одан жоғары балл жинаған, үздік аттестаты бар «Алтын белгі» иегерлері GPA 3,33-тен төмен болмаған жағдайда бүкіл оқу кезеңіне 100% жеңілдік алады.

KAU-да спорттық жетістіктер де жоғары бағаланады. Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне – 100%, республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне – 50%, облыстық және қалалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне тиісінше 25% және 15% жеңілдік беріледі. Жеңілдікті сақтау үшін оқу үлгерімі GPA 3,33-тен төмен болмауы қажет.

Пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында жеңіске жеткен талапкерлер үшін де арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына – 100%, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарына – 50%, облыстық деңгейдегі жеңімпаздарға – 25%, қалалық деңгейдегі жеңімпаздарға – 15% жеңілдік беріледі. Бұл жеңілдік GPA 3,33-тен төмен болмаған жағдайда сақталады. Маңызды ескерту: олимпиада немесе конкурс ҚР білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен ресми тізімге енгізілген болуы немесе университеттің жеке шешімі негізінде танылуы тиіс.

Барлық жеңілдіктер растайтын құжаттар – грамоталар, дипломдар мен сертификаттар болған жағдайда ғана беріледі. Жеңілдіктердің басқа түрлері туралы біздің келесі жарияланымдарымыздан оқи аласыз.

Қабылдау комиссиясының байланыс деректері:
Тел.: +7 700 199 70 22 / +7 727 323 12 26
Мекенжай: Алматы қ., Рысқұлбеков көшесі, 28

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.