Йель университетінің өкілі KAU-да
Йель университетінің өкілі KAU-да
Қазақ-Американдық Университетінің президенті Асылбек Исахов Йель университетінің Оңтүстік және Орталық Азия орталығының директоры, доктор Кастури Гуптамен ресми кездесу өткізді.
Сапардың мақсаты — екі университет арасында ғылыми-білім беру байланыстарын орнату және ынтымақтастықты дамыту.
Кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, KAU студенттерінің Fox Fellowship және Yale Summer Sessions бағдарламаларына қатысуы, сондай-ақ түлектердің Йель университетінің магистратурасында оқуын жалғастыру мүмкіндіктерін талқылады.
Сонымен қатар академиялық алмасу форматтары, соның ішінде Йель университетінен шақырылған оқытушылар мен ғалымдарды KAU-ға тарту мәселелері қарастырылды.
АҚШ жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтарымен серіктестікті дамыту KAU халықаралық қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.