Италия елшілігінің атташесімен кездесу
Қазақ-Американ Университетіне Қазақстандағы Италия елшілігінің атташесі және Алматыдағы Италия мәдениет институтының директоры Эдоардо Кризафулли келді.
Сапар барысында қонақ KAU президенті Асылбек Исаховпен кездесті. Президент мәдени диалогтың маңыздылығын атап өтіп, Италия мәдениет институтымен серіктестікті нығайту бастамасын қолдады.
Сондай-ақ қонақ KAU студенттерінің алдында сөз сөйлеп, дипломатиядағы кәсіби жолы, Ирландия, Сауд Арабиясы және Ұлыбритания университеттерінде итальян тілі мен мәдениетін оқыту тәжірибесі, сондай-ақ Хайфа, Дамаск, Бейрут және Токиодағы Италия мәдениет институттарындағы қызметі туралы айтып берді. Эдоардо Кризафулли студенттермен қазіргі әлемдегі мәдени дипломатияның рөлі туралы ойларымен бөлісіп, өзінің ғылыми және әдеби еңбектері жөнінде баяндады.
Кездесу соңында студенттер мәдени дипломатия саласындағы мансап, әртүрлі елдердегі жұмыс ерекшеліктері және итальян мәдениетінің Орталық Азияда қабылдануы туралы сұрақтар қойды. Іс-шара «Астана» дипломатиялық клубымен бірлесіп ұйымдастырылды.