Британдық сауда палатасы және Ұлыбритания Елшілігімен кездесу
Британдық сауда палатасы және Ұлыбритания Елшілігімен кездесу
Қазақ-Американдық Университетінің президенті Асылбек Исахов Қазақстандағы Британдық сауда палатасының директоры Динара Абилева, Алматыдағы Британдық сауда кеңсесінің жетекшісі Расул Әлібекұлы және Ұлыбритания Елшілігінің саясат және басқару мәселелері жөніндегі кеңесшісі Лариса Канафинамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар университет пен Британдық сауда палатасы арасындағы ынтымақтастық перспективаларын, бизнес-қоғамдастық өкілдерін білім беру процесіне тарту мүмкіндіктерін, сондай-ақ студенттерге пайдалы болатын бірлескен іс-шаралар форматтарын талқылады.
Бастамалардың қатарында Палата мүшелері мен бизнес саласындағы сарапшылардың қатысуымен қонақ дәрістерін өткізу мәселесі қарастырылды.
Кездесу соңында қонақтар KAU студенттері алдында сөз сөйлеп, Британдық сауда палатасы мен Елшіліктің қызметі, сондай-ақ өздерінің кәсіби жолының қалыптасуы туралы айтып берді.
Ашық диалог барысында студенттер мансаптық даму, халықаралық тәжірибе және кәсіби қызмет барысында кездесетін сын-қатерлер туралы сұрақтар қойды.
Іс-шара «Астана» дипломатиялық клубымен бірлесіп ұйымдастырылды.