Студенттермен диалог
Студенттермен диалог
KAU президенті Асылбек Исахов бірінші курс студенттерімен дәстүрлі кездесу өткізді. Ашық диалог форматындағы кездесу университеттің дамуы мен студенттік өмірге қатысты маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Кездесу барысында президент алдағы жоспарларымен бөлісіп, KAU қызметінің басым бағыттарын атап өтті. Сондай-ақ университет басшылығы студенттердің ұсыныстары мен бастамаларына әрдайым ашық екенін жеткізді.
Декан Ақбота Нұрғалиева оқу процесін ұйымдастыру туралы айтып, студенттерге сұрақтар туындаған жағдайда деканатқа уақытылы жүгінудің маңыздылығын түсіндірді.
Вице-президент Даурен Дюсебаев жаңа студенттік клубтардың ашылуы, қоғамдық және жобалық қызметке қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар университетте психологиялық қызмет жұмыс істейтінін және қажет болған жағдайда студенттер оның көмегіне жүгіне алатынын атап өтті.
Кездесу барысында студенттер өндірістік практика мен тағылымдамалар, академиялық ұтқырлық, қосымша аудиториялар, тақырыптық тимбилдингтер, шетел тілдерін оқыту курстары және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар қойды.
KAU президентінің студенттермен кездесуі жақсы дәстүрге айналып, ашық пікір алмасу мен өзара әрекеттестіктің маңызды алаңы болып келеді.