KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 31.07.2026

KAU жастар және білім беру бастамалары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақ-Америка университетінің президенті Асылбек Исахов Influencer Academy Kazakhstan: Freedom 250 бағдарламасын жүзеге асыруға қатысушы ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Бағдарлама АҚШ Тәуелсіздік декларациясының қабылданғанына 250 жыл толуына орай ұйымдастырылып, қазіргі цифрлық кеңістіктегі пікір білдіру еркіндігін зерделеуге арналған.

Кездесуге қоғаммен байланыс жөніндегі офицер Джефф Райденаур, ағылшын тілі бағдарламаларының үйлестірушісі Нұргүл Жанабаева, АҚШ Мемлекеттік департаментінің дипломатиялық қызмет өкілі Эрика Кюнне және National Alumni Network ұйымының жетекшісі Мирамбек Камалов қатысты.

Кездесу барысында тараптар қазіргі ынтымақтастықтың нәтижелерін қорытындылап, өзара серіктестік үшін ризашылықтарын білдірді және білім беру мен мәдени бастамалар аясындағы ықпалдастықты одан әрі кеңейтуге дайын екендерін растады.

Бағдарламаның KAU қабырғасында өткізілуі университеттің Қазақстан мен АҚШ арасындағы білім беру және мәдени байланыстарды нығайту, халықаралық ынтымақтастықты қолдау және жауапкершілігі жоғары жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыру жөніндегі миссиясының жалғасы болып табылады.

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.