KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 24.08.2026

KAU жапондық білім беру сарапшысы Koki Shimazu-мен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Kazakh-American University (KAU) басшылығы жапондық білім беру сарапшысы, кәсіпкер және University of Yamanashi Prefecture шақырылған доценті Koki Shimazu-мен кездесті. Сапар Newton Kazakhstan халықаралық білім беру орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Кездесу барысында тараптар білім беру, ағылшын тілін оқыту және бірлескен білім беру бастамаларын дамыту бағыттарындағы ықтимал ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Халықаралық тәжірибе алмасуға, оқытудың заманауи тәсілдеріне, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың қатысуымен жүзеге асырылуы мүмкін өзара іс-қимыл форматтарына ерекше назар аударылды.

Кездесуге Newton Kazakhstan өкілдері де қатысты:
Абзал Арын Арманұлы — Newton Kazakhstan CEO
Олжас Галийевич Болатбаев — әкімшілік директор
Аружан Манарбекқызы Ғабдулғазиз — операциялық директор

Koki Shimazu — ағылшын тілін оқыту және білім беру кәсіпкерлігі саласындағы сарапшы, қолданбалы лингвистика магистрі, CELTA біліктілігінің иегері. 2017 жылы білім берудегі инновациялық тәсілдері үшін Pearson ELT English Education Teacher Award сыйлығына ие болды. 25-тен астам кітап пен білім беру жобаларының авторы.

Кездесу ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылаудың алғашқы кезеңі болды. Тараптар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықтың нақты форматтарын бірлесіп пысықтауға қызығушылық білдірді.

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.