KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 19.01.2026

KAU және Coventry University Kazakhstan серіктес атанды

KAU және Coventry University Kazakhstan серіктес атанды

Қазақ-Американдық университеті (KAU) мен Coventry University Kazakhstan (CUK) білім беру, ғылыми және академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған меморандумға қол қойды.

Келісімге KAU президенті Асылбек Исахов пен CUK президенті Мирас Дауленов қол қойды. Бұл екі университет арасындағы тұрақты серіктестікті қалыптастырудағы маңызды қадам болды.

Сапар барысында KAU өкілдері үшін Coventry University Kazakhstan кампусы бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

Мирас Дауленов университеттің қызмет бағыттары, білім беру ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы айтып, KAU-пен әріптестік орнатуға қуанышты екенін жеткізді. Сонымен қатар Ұлыбританиядағы ғылыми гранттарға, оның ішінде Британ ғылым академиясының бағдарламалары аясында өтінім дайындауға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Өз кезегінде Асылбек Исахов жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, өзара тиімді коллаборацияның маңыздылығын және университеттердің бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобаларды жүзеге асырудағы әлеуетінің жоғары екенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұл серіктестік студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, үздік білім беру тәжірибелерімен алмасуға және Қазақстандағы жоғары білімнің халықаралық интеграциясын нығайтуға ықпал ететіні жөнінде ортақ пікірге келді.

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.