KAU студенттері Қазақстандағы АҚШ Елшісімен кездесуде
KAU студенттері Қазақстандағы АҚШ Елшісімен кездесуде
Қазақ-Американдық университетінің студенттері Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули М. Стаффтпен кездесуге қатысты.
«АҚШ пен Қазақстан серіктестігі: дипломатия арқылы» тақырыбындағы іс-шара American Corner Almaty алаңында өтіп, заманауи дипломатия, екіжақты ынтымақтастық және Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастарды дамыту перспективаларына арналды.
Студенттердің қатысуы «Астана» дипломатиялық клубымен ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды. Кездесу студенттерге дипломатиялық миссия өкілімен тікелей сұхбаттасуға, сұрақтар қоюға және халықаралық өзара іс-қимылдың басым бағыттары туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп, халықаралық үдерістерді тереңірек түсінуге және халықаралық қатынастар саласындағы практикалық құзыреттерді дамытуға ықпал етеді.
Қазақ-Американдық университет халықаралық ынтымақтастық пен практикалық білім беруді дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.
Университет көрсетілген мүмкіндік үшін «Астана» дипломатиялық клубына алғыс білдіреді және бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға қызығушылық танытады.