KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 09.04.2026

KAU студенті республикалық байқауда жеңімпаз атанды

Қазақ-Америка университетінің «Журналистика» мамандығының 1-курс студенті Арайлым Ұзақбай «Үздік студент» республикалық таланттар байқауының жеңімпазы атанды.

Ауқымды жобаның ұйымдастырушылары – «Білім Инновация» орталығы мен Үздік студенттер академиясы. Байқау ғылым, білім, спорт және өнер салаларында жоғары жетістіктерге ие жас көшбасшыларды қолдауға бағытталған.

Байқау аясында Арайлым 9–11 сыныптардағы және университеттің бірінші курсындағы жетістіктерін қамтитын портфолиосын ұсынып, «Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – білімді жастардың қолында» тақырыбында эссе жазды.

Байқау қорытындысы бойынша ол I дәрежелі арнайы дипломмен, «Үздік студент» төсбелгісімен және куәлігімен, сондай-ақ атаулы мүсіншемен марапатталды. Ұйымдастырушылар KAU басшылығының атына жас таланттарды қолдауға қосқан үлесі үшін алғыс хат жолдады.

Арайлымды жарқын жеңісімен құттықтап, шығармашылық және академиялық табыстар тілейміз!

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.