KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 06.04.2026

KAU студенті каратэден Қазақстан Кубогының жүлдегері атанды

Қазақ-Америка университетінің «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Гулжайна Оразбаева киокушинкай-кан каратэден Қазақстан Республикасы Кубогында жүлделі II орынды иеленді. Жарысқа еліміздің 17 өңірінен келген 500-ге жуық мықты спортшы қатысты.

Сайыс 2026 жылдың сәуір айының басында Ақтөбе қаласында 18 жастан асқан спортшылар арасында өтті. Гулжайна каратэден қоңыр белбеу иегері болып табылады және 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол жоғары дайындық деңгейі мен шеберлігін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша ол жүлдегер атанып қана қоймай, ағымдағы жылдың маусым айында Қырғыз Республикасында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.

Гулжайнаны жоғары нәтижесімен құттықтап, халықаралық аренада жаңа жетістіктер тілейміз!

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.