KAU президенті студенттермен кездесті
KAU президенті студенттермен кездесті
KAU президенті Асылбек Исахов университет студенттерімен дәстүрлі кездесу өткізді.
Іс-шара Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті ұйымдастырған «Өзекті жобалар: идеяларды іздеу және оларды жүзеге асыру» атты II Халықаралық студенттік жобалар байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттаудан басталды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ-Американдық университетінің екі командасы екінші орынға ие болды.
Кездесу барысында оқу процесін ұйымдастыру, тәжірибеден өту, академиялық ұтқырлық, мәдени іс-шаралар өткізу және қосымша шетел тілдері курстарын ашу сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алды.
Кездесудің негізгі мақсаты — университет әкімшілігі мен студенттер арасындағы өзара түсіністікті жақсарту және байланысты нығайту болды.
Бұл кездесу сенімді қарым-қатынасты күшейтіп, ашық диалог мәдениетін дамытуға ықпал етті.