KAU президенті екінші жыл қатарынан Қазақстанның жетекші басшылары рейтингіне енді
Қазақ-Америка университетінің (KAU) президенті Асылбек Исахов екінші жыл қатарынан Қазақстанның жетекші басшылары рейтингтеріне енді. 2026 жылы ол TOP-1000 CXO Kazakhstan рейтингінде білім беру саласын қоса алғанда, бизнестің түрлі бағыттарын қамтитын «Бөлшек сауда және қызмет көрсету» санаты бойынша 13-орынға ие болды. Рейтингті Centras Group әзірлеп, Kazakhstan Growth Forum’26 аясында таныстырды.
Еске сала кетейік, 2025 жылы Асылбек Исахов TOP-100 CEO рейтингінде 46-орын алып, еліміздің жетекші басшыларының қатарына енген болатын. 2026 жылы рейтинг 1000 қатысушыға дейін кеңейтіліп, нәтижелерді неғұрлым егжей-тегжейлі көрсету мақсатында салалық санаттарға бөлінді.
«Бөлшек сауда және қызмет көрсету» санатында Асылбек Исахов бірқатар жоғары оқу орындары мен бизнес өкілдерінің басшыларынан жоғары орынға ие болды. Рейтинг Қазақстан экономикасының түрлі секторларында қызмет ететін басшыларды қамтитынын ескерсек, бұл нәтиженің маңызы ерекше.
TOP-1000 CXO Kazakhstan рейтингінің әдістемесі бес негізгі критерийге негізделген: кәсіби білім мен сарапшылық құзырет, басқарушылық тәжірибе, кәсіпкерлік қызмет, көшбасшылық және саланың дамуына ықпал ету, сондай-ақ ұйымдар қызметінің нәтижелері.
KAU ұжымы университет басшысының еңбегі екінші жыл қатарынан кәсіби қауымдастықтың назарында болғанын мақтан тұтады. Біз мұны жүйелі әрі жан-жақты ойластырылған басқарудың университет дамуына оң ықпал ететінінің дәлелі деп білеміз.