KAU президенті Алматыдағы Германияның Бас консулымен кездесті
KAU президенті Алматыдағы Германияның Бас консулымен кездесті
KAU президенті Асылбек Исахов Алматы қаласындағы Германияның Бас консулы Маттиас Кислермен кездесті.
Кездесу барысында Германия университеттерімен ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, академиялық алмасу бағдарламалары, Германиядан профессорларды оқыту процесіне тарту, KAU студенттерінің Қазақстандағы неміс компанияларында тағылымдамадан және практикадан өту мүмкіндіктері, сондай-ақ Германия Бас консулдығының мәдени-гуманитарлық іс-шараларына қатысуы қарастырылды.
Тараптар ұзақ мерзімді серіктестікке қызығушылық танытып, ғылыми-білім беру саласында белсенді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
Кездесуден кейін Бас консул KAU студенттеріне қонақ дәрісін оқып, халықаралық қатынастардың заманауи үдерістері мен жастарға арналған мансаптық мүмкіндіктер туралы өз көзқарасымен бөлісті.