KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 03.09.2026

KAU мен ECUST халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақ-Американ университеті (KAU) халықаралық академиялық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келеді. Университеттің жаңа серіктесі — East China University of Science and Technology (ECUST). Екі жоғары оқу орны білім беру және ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, биылғы шілде айында ECUST өкілдері KAU делегациясын Шанхай қаласында қабылдап, екі университет арасындағы серіктестікті дамыту жөніндегі алғашқы келіссөздер өткізген болатын.

KAU атынан құжатқа университет президенті, профессор Асылбек Исахов, ал ECUST атынан вице-президент, доктор Gong Yue қол қойды. Меморандум екі университет арасындағы алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайды.

Тараптар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен семинарлар, воркшоптар және академиялық кездесулер өткізу, сондай-ақ білім беру, мәдени және ғылыми-зерттеу бастамаларын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Құжатта қаржыландыруға бірлесіп өтінім беру және ғылыми-зерттеу орталықтарын құру мүмкіндіктері де қарастырылған.

Меморандумға қол қою KAU-дың Қытай университеттерімен ынтымақтастығын кеңейтуге, халықаралық білім беру мүмкіндіктерін дамытуға және ғылым мен білім саласындағы жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негіз қалайды.

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.