KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 18.11.2026

КАУ-дың «Сұңқар» командасы қаржы пәні бойынша Республикалық олимпиадада II орын иеленді

Жасанды интеллект қаржы саласын қалай өзгертуде және ол талдау мен инвестициялау үшін қандай мүмкіндіктер ашады? Бұл мәселелер 2026 жылғы 11 қарашада Алматы қаласындағы Q University-де өткен «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың негізгі тақырыбына айналды.

Олимпиадаға Қазақ-Америка университетінің атынан қатысқан «Сұңқар» командасы жарыс қорытындысы бойынша II орынға ие болды.

Команда құрамына «Қаржы» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері Мұратбаева Дариан, Мұсаханова Фарангиз, Исабек Жұлдызай және «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Сәттібек Мариям кірді. Команданың ғылыми жетекшісі — профессор Н.А. Гумар.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде командалар жасанды интеллект көмегімен әзірленген өздері туралы бейнероликтерді ұсынды. Келесі кезеңде қатысушылар қаржы саласында AI технологияларын қолдануға арналған жобаларды әзірлеп, қорғады. Ал қорытынды кезеңде команда капитандары инвестициялық талдау бойынша тапсырманы орындап, өздерінің білімдері мен аналитикалық дағдыларын көрсетті.

Байқау заманауи технологиялармен жұмыс істеуді, қаржылық талдауды және практикалық міндеттерді шешуді бір арнаға тоғыстырды. Студенттер үшін бұл — аудиториядан тыс жерде өз білімдерін сынап, зияткерлік сайыс жағдайында тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік берді.

«Сұңқар» командасын және ғылыми жетекшісін лайықты нәтижемен құттықтаймыз!

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.