KAU-дағы жеңілдіктер: әлеуметтік жеңілдіктер
Білім алу әр адам үшін өмірлік жағдайына қарамастан қолжетімді болуы тиіс. KAU-дағы әлеуметтік жеңілдіктер білім алушылардың бірнеше санатын қамтиды.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бүкіл оқу кезеңіне 30% жеңілдік беріледі. Оны рәсімдеу үшін ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік, қамқоршылық туралы шешім немесе ата-ана құқығынан айыру туралы шешім ұсынылуы қажет.
Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға бүкіл оқу кезеңіне 20% жеңілдік қарастырылған. Бұл жеңілдікті рәсімдеу үшін медициналық-әлеуметтік қорытынды негіз болады.
Барлық жеңілдіктер растайтын құжаттар болған жағдайда ғана беріледі. Жеңілдіктердің басқа түрлері туралы біздің келесі жарияланымдарымыздан оқи аласыз.
Қабылдау комиссиясының байланыс деректері:
Тел.: +7 700 199 70 22 / +7 727 323 12 26
Мекенжай: Алматы қ., Рысқұлбеков көшесі, 28