KAU-дағы Ашық есік күні: Сенің миссияң — оқуға түсу!
Қазақ-Америка университеті талапкерлер мен олардың ата-аналарын «Spider-Man: Сенің миссияң — оқуға түсу!» атты Ашық есік күніне шақырады.
Егер сіз сапалы білім алуды, Швейцарияның SITE университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасы туралы білуді және KAU ұсынатын халықаралық мүмкіндіктермен танысуды жоспарлап жүрсеңіз, бұл — университетпен жақынырақ танысуға арналған тамаша мүмкіндік.
Іс-шара барысында сіз:
• оқуға түсу ережелері мен қабылдау шарттары туралы біле аласыз
• білім беру бағдарламаларымен танысасыз
• қос диплом бағдарламасы және академиялық ұтқырлық туралы ақпарат аласыз
• университет өкілдеріне өз сұрақтарыңызды қоя аласыз
• ойын-сауық белсенділіктеріне қатысып, тақырыптық фотозонада естелік суретке түсе аласыз
Ата-аналар үшін университет өкілдерімен жеке сөйлесіп, оқу шарттары мен қолданыстағы жеңілдіктер туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін арнайы блок қарастырылған.
Ашық есік күні — кәсіби болашағыңызға алғашқы қадам жасап, барлық қажетті ақпаратты тікелей университет өкілдерінен алуға мүмкіндік.
Күні: 31 шілде
Басталуы: 15:00
Мекенжайы: Алматы қ., Рысқұлбеков көшесі, 28
Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.
Сіздерді KAU-да күтеміз!