KAU Coursera платформасымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуде
Қазақ-Америка университетінде Coursera платформасының өкілі Вера Игнатьевамен цифрлық білім беруді одан әрі дамыту және халықаралық білім беру ресурстарын KAU оқу үдерісіне енгізу мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар KAU оқытушыларының кәсіби дамуы үшін Coursera бағдарламаларын пайдалану мүмкіндіктерін талқылады. Басым бағыттар ретінде ағылшын тілі, жасанды интеллект, қаржылық сауаттылық, заманауи оқыту әдістемелері және профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру белгіленді.
Сондай-ақ халықаралық білімге қолжетімділікті кеңейтуге және шетелдік университеттермен бірлескен әрі қос дипломды бағдарламаларды дамытуға ықпал ететін digital mobility бағытына ерекше назар аударылды.
Тараптар жетекші халықаралық университеттердің онлайн курстары мен білім беру бағдарламаларын KAU студенттерінің академиялық траекторияларына енгізу мүмкіндіктерін де қарастырды.
Жаһандық білім беру платформаларымен ынтымақтастық KAU-дың заманауи халықаралық білім беру ортасын дамыту және студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру жөніндегі жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.