KAU білікті мамандардың жаңа буынын даярлап шығарды
30 маусым күні Қазақ-Америка университетінің бас оқу ғимараты алдындағы алаңда академиялық жылдың ең айтулы оқиғаларының бірі – 2026 жылғы түлектерге диплом табыстау салтанатты рәсімі өтті. Бұл күні «Халықаралық қатынастар», «Аударма ісі», «Журналистика», «Туризм», «Қаржы» және «Құқықтану» мамандықтарының түлектеріне бакалавр дипломдары табысталды.
Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бейнеқұттықтауымен ашылды. Министр түлектерді оқу орнын сәтті аяқтауымен құттықтап, кәсіби өмірге сеніммен қадам басуды, өз әлеуетін толық жүзеге асыруды және ел дамуына лайықты үлес қосуды тіледі. Сонымен қатар түлектерге KAU президенті Асылбек Исахов пен Халықаралық білім беру корпорациясы Бақылау кеңесінің мүшесі, KAU түлегі Ақмарал Әмірланқызы Маралова жылы лебіздерін арнады.
Салтанатты рәсімге құрметті қонақ ретінде Моңғолияның Алматы қаласындағы Бас консулы Баасандорж Баяраа және Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маттиас Кислер қатысты. Олардың қатысуы университеттің халықаралық деңгейдегі беделі мен берік әріптестік байланыстарының айқын көрінісі болды.
Рәсімнің ерекше сәттерінің бірі – Ұлдана Тоқшылықтың жарқын музыкалық өнер көрсетуі болды. Оның орындауы қонақтар мен түлектерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік кештің сәнін келтірді.
Салтанатты шара барысында диплом иегерлері Гусманова Разия мен Серік Алмас өздерінің шынайы алғыстарын білдіріп, болашаққа деген сенімі мен ізгі тілектерін жеткізді. Олардың жүрекжарды сөздері рәсімнің ең әсерлі сәттерінің біріне айналды.
Мерекенің қорытынды сәтінде түлектер дәстүр бойынша бітіруші қалпақтарын көкке лақтырды. Бұл сәт олардың жаңа өмір жолына жасаған символдық қадамын айшықтады.
KAU 2026 жылғы түлектерді шын жүректен құттықтайды және әрқайсысына өз күшіне деген сенім, батыл шешімдер мен кәсіби әрі тұлғалық дамуда үлкен табыс тілейді. Сіздер – ел болашағысыздар, ал университет әрқайсыңызбен мақтанады.