KAU AWARDS 2026: университет өмірін қалыптастыратын студенттер
Қазақ-Американ Университетінде ең белсенді, талантты және бастамашыл студенттердің басын қосқан KAU AWARDS 2026 салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара жыл бойы студенттік ұйымдарды дамытып, шығармашылық, спорт, волонтерлік және KAU-дың интеллектуалды өміріне үлес қосқан жастардың жетістіктерін мойындаудың символына айналды.
Рәсім университет өмірінің ең жарқын сәттерін көрсеткен бейнероликпен ашылды. Онда спорттық жеңістер, волонтерлік жобалар, шығармашылық қойылымдар және KAU-дың ауқымды іс-шаралары ұсынылды. Кештің алғашқы минуттарынан бастап зал студенттердің жетістіктеріне және олардың университет дамуына қосқан үлесіне деген мақтаныш сезіміне толы болды.
Қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеген KAU президенті Асылбек Исахов студенттік бастамаларды, көшбасшылықты және жастардың интеллектуалды әлеуетін қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Бірінші блокта марапаттар Diplomatic Club, Book Club, Speaking Club, дебат клубы өкілдеріне және факультеттердің студенттік министрлеріне табысталды. Олар өзін-өзі басқару, халықаралық қызмет және интеллектуалды даму бағыттарында белсенділік танытқан студенттер ретінде атап өтілді.
Рәсім шығармашылық және медиа бағыттардың өкілдерін марапаттаумен жалғасты. KAU-дың стратегиялық коммуникациялар және әлеуметтік даму жөніндегі вице-президенті Даурен Дюсебаев университет имиджін қалыптастырудағы студенттік шығармашылық пен ақпараттық кеңістіктің маңызын атап өтті. Марапаттарға KAU BAND, KAUZEN би клубы, SG Media, KAU Media және KAU Ambassadors командаларының қатысушылары ие болды. Олар университетті медиа кеңістікте және кәсіби бағдар беру жұмыстарында белсенді танытып келеді.
Оқу мен қоғамдық өмірде жоғары нәтижелерге қол жеткізген студенттерге ерекше назар аударылды. KAU деканы Ақбота Нұрғалиева үздік студенттерге, сондай-ақ әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырып, университеттің волонтерлік қозғалысын дамытуға үлес қосып жүрген ALLIANCE of Volunteers KAU қатысушыларына марапаттар табыстады.
Кештің музыкалық сәнін Ұлдана Тоқшылықованың өнері келтіріп, жылы әрі шабытты атмосфера қалыптастырды.
Финалдық блок KAU-дың спорттық, туристік және қоғамдық бағыттардағы беделін арттырып жүрген студенттерге арналды. Марапаттарға университеттің волейбол, футбол және баскетбол құрамалары, Taugashyk туристік клубының белсенділері, студенттік актив көшбасшылары, сондай-ақ жайлы әрі достыққа негізделген студенттік ортаны қалыптастыруға үлес қосып жүрген жатақхана өкілдері ие болды.
KAU AWARDS 2026 жай ғана марапаттау рәсімі емес, жетістіктердің, шабыттың және студенттік бірліктің нағыз мерекесіне айналды. Іс-шара университеттің басты күші оның студенттері, олардың энергиясы, бастамашылдығы және университет өмірін жарқын әрі мазмұнды етуге деген ұмтылысы екенін тағы бір рет дәлелдеді.