KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 16.04.2026

KAU АҚШ университетімен серіктестік орнатты

Қазақ-Америка университетінде АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Нью-Хейвен университетімен (UNH) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюдың онлайн рәсімі өтті. Құжатқа KAU президенті Асылбек Исахов пен UNH президенті Йенс Фредериксен қол қойды. Кездесуге сондай-ақ провост Нэнси Сэвидж, студенттерді іріктеу жөніндегі вице-президент Грег Эйхорн, сондай-ақ мемлекеттік байланыстар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Марио Габури қатысты.

Жасалған келісім академиялық мүмкіндіктердің географиясын кеңейтіп, KAU-дың институционалдық экожүйесін нығайта отырып, UNH ресурстарына қолжетімділік ашады. Негізгі бағыттардың қатарында — АҚШ-та білім алу және тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар академиялық ұтқырлық бағдарламалары, жазғы мектептерді ұйымдастыру, оқытушылар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру бар.

Кездесу барысында мұндай серіктестіктің әртүрлі елдердің өкілдері арасындағы өзара байланыс пен түсіністікті нығайтудың маңызды құралы екені атап өтілді. «Студент білім алу үшін мұхит асып барған кезде, ол мәдениеттер арасында көпір салады», – деген ой серіктестіктің мәнін айқын көрсетеді.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында KAU студенттері American Study Camp бағдарламасы аясында UNH және АҚШ-тың басқа да жетекші университеттеріне барып қайтты. Олар кампус инфрақұрылымымен, білім беру ортасымен және ғылыми базамен танысып, студенттермен қарым-қатынас жасап, жетекші профессорлардың дәрістеріне қатысып, құнды академиялық тәжірибе жинақтады.

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.