HENNGE компаниясының 2026 жаһандық тағылымдама бағдарламасы
HENNGE компаниясының 2026 жаһандық тағылымдама бағдарламасы
ҚАУ-дың IT бағыты бойынша 3–4 курс студенттері мен IT мамандарының назарына!
Жапониядағы халықаралық тағылымдамаға конкурс жарияланды.
HENNGE 2026 жаһандық тағылымдамасына өтінім қабылдау ашық. Бұл — әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер мен мамандарға арналған толық қаржыландырылатын Жапониядағы тағылымдама бағдарламасы.
HENNGE — бұлттық қауіпсіздік және цифрлық трансформация (DX) шешімдері бойынша маманданған жетекші жапондық IT-компания. Компания 1996 жылы құрылған және Жапониядағы бизнеске арналған бұлттық қауіпсіздік сервистері нарығында жетекші орынға ие.
Тағылымдама бакалавриат студенттеріне арналған. Бағдарлама ұзақтығы — 4-тен 6 аптаға дейін. Тағылымгерлер Токиодағы Сибуя ауданында орналасқан компанияның бас кеңсесінде жұмыс істейді.
Бағдарламаға қатысу үшін жапон тілін білу талап етілмейді. Негізгі жұмыс тілі — ағылшын тілі.
Бағдарлама келесі шығындарды толық өтейді:
• ай сайынғы шәкіртақы
• екі жаққа әуе билеттері
• виза рәсімдеуге көмек
• медициналық сақтандыру
• интернеті бар жапондық мобильді телефон
• жапон мәдениетіне арналған іс-шаралар
2026 жылы үш ағым қарастырылған:
• 1-ағым: 16 наурыз – 17 сәуір
• 2-ағым: 1 маусым – 10 шілде
• 3-ағым: 3 тамыз – 11 қыркүйек
Тағылымдама бағыттары:
• бағдарламалық қамтамасыз етуді толық циклде әзірлеу
• frontend development
• Python, Go және/немесе TypeScript
• cloud computing
• желілік жүйелер
Іріктеу талаптары:
• IT немесе ұқсас мамандық бойынша бакалавриат (3-курс және жоғары)
• ағылшын тілін еркін меңгеру
• Linux/MacOS/Unix операциялық жүйелерін білу
Өтінім беру:
- https://challenge.hennge.com/ сайты арқылы тіркелу
- Бағдарламалау тапсырмасын орындап, CV және motivation letter жіберу
- HR сұхбатынан және онлайн сұхбаттан өту
Орын саны шектеулі. Өтінімдер келіп түсу ретімен қарастырылады.