«Фараби әлемі – 2026»: KAU студенттері халықаралық ғылыми конференцияға қатысты
Қазақ-Америка университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттері Манасов Нұрым, Таганова Гулнур және Өскінбай Хамилә әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.
Конференция аясында қатысушылар қазіргі заманғы құқықтың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми баяндамаларын ұсынып, түрлі жоғары оқу орындарының студенттерімен пікір алмасты және көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін арттырды.
Ауқымды ғылыми іс-шараға қатысу студенттердің кәсіби білімдерін тереңдетіп, таным көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді. Конференция қорытындысы бойынша Таганова Гулнур мен Өскінбай Хамилә грамоталармен марапатталды, ал Манасов Нұрым III дәрежелі дипломға ие болды.
Қазақ-Америка университеті конференция ұйымдастырушыларына қатысу мүмкіндігін ұсынғаны және жас зерттеушілерді қолдағаны үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ халықаралық деңгейде университет атын лайықты танытқан студенттеріy мақтан тұтады.