«Болашақ дипломатиясы»: Халықаралық жазғы мектеп KAU алаңында
Қазақ-Американ Университеті «Астана» Дипломатиялық клубымен бірлесе отырып, әлемнің әр түкпірінен жас зерттеушілер, оқытушылар мен мамандарды біріктірген ауқымды білім беру жобасы – «Болашақ дипломатиясы: цифрлық дәуірдегі халықаралық қатынастар» атты Халықаралық жазғы мектепті салтанатты түрде ашты. Қонақтарды KAU студенттері мен қызметкерлері тікелей әуежайда жылы қарсы алды.

Бағдарлама 2026 жылдың 21-28 маусымы аралығында Алматы қаласында өтеді. Оның басты мақсаты – цифрлық дипломатия, жаһандық басқару және мәдениетаралық өзара іс-қимыл саласындағы заманауи өзекті мәселелерді талқылауға арналған халықаралық алаң қалыптастыру. Апта бойы қатысушыларды жетекші сарапшылардың дәрістері, шеберлік сабақтары, пікірталас панельдері және халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдерімен практикалық сабақтар күтуде.
Бір алаң төңірегінде Қытай, Греция, Қырғызстан, Малайзия, Ресей, АҚШ және Өзбекстан университеттерінің студенттері, магистранттары, жас зерттеушілері мен оқытушылары жиналды. Бағдарламаның серіктестері – БЖЖК, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік бюросы, Қазақстандағы Италия Республикасының елшілігі және басқа да беделді халықаралық құрылымдар.
Мұндай формат – аудитория шегінен шығып, нақты дипломатиялық тәжірибемен тікелей танысу мүмкіндігі. KAU мұндай бастамалардың жаһандық деңгейде диалог жүргізе алатын жаңа буын мамандарын қалыптастыратынына сенімді.