KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 19.02.2026

AYFN JAPAN Summer Culture Camp 2026 Жапониядағы жазғы мәдени сапарына конкурс

AYFN JAPAN Summer Culture Camp 2026 — Жапонияға жазғы мәдени сапар байқауы

KAU студенттерінің назарына!

AYFN JAPAN Summer Culture Camp 2026 бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Бұл — ASEAN Youth Friendship Network (AYFN) ұйымы ұйымдастыратын Осакадағы жыл сайынғы жазғы бағдарлама.

Бағдарламаға барлық елдердің студенттері және кез келген мамандықта білім алушылар қатыса алады. Мәдени алмасу бағдарламасы 2026 жылдың 19–24 шілде аралығында өтеді.

Бағдарламаның мақсаты — қатысушыларды жапон мәдениетімен және тілімен таныстыру, сондай-ақ әлемнің түрлі елдерінен келген жастар арасында байланыс орнату.

Стипендия түрлері:

🥇 Gold
• бағдарлама құны толық өтеледі
• ұшақ билеттеріне 750 АҚШ долларына дейін грант беріледі

🥈 Silver
• бағдарлама құны толық өтеледі
• ұшақ билеттеріне 250 АҚШ долларына дейін грант беріледі

Бағдарламаға мыналар кіреді:
• Жапония мәдениетіне 6 күндік immersion
• жапон тілі бойынша курстар
• Осака, Киото және Нара қалаларына сапар
• Киотоның тарихи орындары бойынша экскурсиялар
• Жапонияның мәдени көрікті жерлерімен танысу

Іріктеу талаптары:
• 17–35 жас аралығы
• қоғамдық және жастар белсенділігі
• көшбасшылық қасиеттер
• ағылшын тілін жақсы меңгеру
• бағдарлама кезеңінде Жапонияға бару мүмкіндігі

Қажетті құжаттар:
• Europass CV
• мотивациялық хат
• эссе
• өзін таныстыру видеосы
• тіркеу жарнасын төлеу құжаты

Құжаттардың барлығы ағылшын тілінде тапсырылуы тиіс.

🗓 Өтінім қабылдау мерзімі: 30 наурыз 2026 жыл

🔗 Өтінім беру:
https://ayfnhq.org/scholarship-application-form-for-summer-japan-culture-camp-2026/

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.