Армандаған жұмысқа қалай орналасуға болады: ҚАУ-де Al-Style компаниясының HR маманымен кездесу өтті
2026 жылғы 2 қарашада Қазақ-Американдық университетінде студенттердің Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан нарықтарында жұмыс істейтін кең бейінді дистрибьютор Al-Style компаниясының HR маманы Кристина Козыревамен кездесуі өтті.
Кездесу ҚАУ Мансап орталығының Employer Talks жобасы аясында ұйымдастырылып, «Армандаған жұмысқа қалай орналасуға болады: Al-Style компаниясының HR маманының көзқарасы» тақырыбына арналды.
Кристина Козырева өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, жұмыс берушілер үміткерлерді іріктеу кезінде қандай талаптарға назар аударатынын, бәсекеге қабілетті түйіндемені қалай дайындау және жұмысқа орналасу сұхбатынан қалай сәтті өту керектігін айтып берді.
Сондай-ақ өз дағдыларын сауатты таныстыру, мықты тұстарын көрсету және басқа үміткерлер арасынан ерекшелену жолдарына ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында спикер түйіндеме дайындау және жұмыс іздеуге дайындалу бойынша практикалық ұсыныстар қамтылған «Резюме на миллион» атты электрондық кітаппен бөлісті.

