KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 12.01.2026

Амирлан Қусаиновты еске алуға арналған спартакиаданың ашылуы

Амирлан Қусаиновты еске алуға арналған спартакиаданың ашылуы

12 қаңтар күні техника ғылымдарының докторы, профессор, академик және Қазақстанның құрметті құрылысшысы Амирлан Қусаиновты еске алуға арналған спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.

Іс-шарада құттықтау сөз сөйлегендердің қатарында Ақмарал Амирланқызы болды. Сонымен қатар, құрметті қонақ ретінде Амирлан Қусаиновтың жұбайы қатысты.

Жарысқа Халықаралық білім беру корпорациясының 12 командасы қатысты. Олардың құрамында оқытушылар, инженерлер, құрылысшылар, әкімшілік қызметкерлері мен басшылар болды.

Спартакиаданың алғашқы кезеңі қызықты эстафетамен басталды. Алдағы уақытта қатысушылар волейбол, шахмат, футзал, баскетбол және армрестлинг бойынша бақ сынайды.

Барлық спорт түрлеріне қатысып жатқан KAU TEAM командасын ерекше атап өтуге болады. Команда жоғары ұйымшылдық пен спорттық шеберлікті көрсетуде.

Амирлан Қусаиновты еске алуға арналған спартакиада тек спорттық шара ғана емес, сонымен қатар корпорация қызметкерлерін ынтымақтастық, құрмет және көрнекті ғалым мен ұстаздың рухына тағзым ету мақсатында біріктірген маңызды бастамаға айналды.

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.