Almaty Hub-тың қонақ дәрісі
Қазақ-Америка Университетінде «IT экожүйесі: білім, дағдылар және өз жобаңды жүзеге асыру жолы» тақырыбында қонақ дәріс өтті.
Спикер ретінде Алматы қаласындағы Astana Hub филиалы – Almaty Hub білім беру және бизнес бағдарламаларының бас менеджері Райхан Қалымбетова қатысты.
Дәріс барысында студенттерге заманауи IT экожүйесінің негізгі даму бағыттары, сондай-ақ цифрлық технологиялар саласында кәсіби өсу мүмкіндіктері таныстырылды. Оқу бағдарламаларына, соның ішінде онлайн, гибридті және тәжірибеге бағытталған оқу форматтарына ерекше назар аударылды.
Кездесудің жеке бөлігі стартап жобаларды дамытуға арналды. Спикер инкубация және акселерация бағдарламалары, технологиялық шешімдерді нарыққа шығару мүмкіндіктері, сондай-ақ инновациялық идеяларды қолдау үшін салықтық жеңілдіктер мен инвестиция тарту жолдары туралы айтып берді.