Қазақстанның жетекші білім беру орталықтарымен ынтымақтастық туралы келісім
Қазақ-Америка Университеті еліміздің бірқатар жетекші білім беру орталықтарымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасты. KAU-дың серіктестері қатарын UNIDEM, EDUKEY, EDTECH, KURSANT, OK BOLASHAK және NEWTON толықтырды.
Серіктестік аясында тараптар дарынды әрі білім деңгейі жоғары оқушыларды анықтауға бағытталған бірлескен іс-шаралар мен олимпиадалар өткізуді жоспарлап отыр. Байқаулардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер KAU-да білім алуға арналған гранттар мен оқу ақысына жеңілдіктерге үміткер бола алады. Мұндай формат оқушылардың жетістіктерін бағалап қана қоймай, олардың әрі қарай академиялық дамуына нақты ынталандыру береді.
Бірлескен бастамалар пәндік олимпиадалар мен зияткерлік байқаулардан бастап, оқушыларға мамандық пен жоғары оқу орнын саналы түрде таңдауға көмектесетін кәсіби бағдар беру кездесулеріне дейінгі кең ауқымды қамтиды. KAU оқытушылары мен мамандары аталған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысады.
Келісімдерге қол қою университетке болашақ талапкерлермен олардың білім алу жолының бастапқы кезеңдерінде тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді. KAU әрбір қабілетті әрі талапты талапкердің өз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұл қадам – университет ұстанған бағыттың кезекті дәлелі.