KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 26.11.2026

ҚАУ IBM Power Skills Academy халықаралық білім беру бағдарламасына қосылды

Қазақ-Америка университетінің студенттері мен оқытушылары IBM технологияларымен жұмыс істеуге арналған жаңа мүмкіндіктерге ие болды. ҚАУ әлемдегі жетекші технологиялық компаниялардың бірі ұсынған корпоративтік IT-шешімдерге, бұлттық ресурстарға және оқу материалдарына қолжетімділік беретін IBM Power Skills Academy (PSA) халықаралық білім беру бағдарламасының ресми қатысушысы атанды.

Бағдарлама банктерде, telecom компанияларында, мемлекеттік органдарда және ірі корпорацияларда сұранысқа ие IT-мамандарды даярлауға бағытталған.

Бұл ҚАУ студенттеріне не береді?

IBM технологияларымен тәжірибе. IBM Power Academic Cloud бұлттық ортасында Linux on Power, IBM AIX, IBM i және виртуализация жүйелерімен жұмыс істей отырып, зертханалық жұмыстар мен зерттеулер жүргізу мүмкіндігі.

Киберқауіпсіздік дағдылары. Корпоративтік жүйелерді қорғауды, қолжетімділікті басқаруды және сервер инфрақұрылымын әкімшілендіруді үйрену.

Бұлттық шешімдермен жұмыс. Ірі ұйымдар мен халықаралық компанияларда қолданылатын технологиялармен танысу.

Жұмысқа орналасуда бәсекелестік артықшылық. IBM Power технологияларын меңгеру түлектерге банк, телекоммуникация және IT салаларында жұмыс іздеген кезде маңызды артықшылық болады.

ҚАУ оқытушылары да IBM оқу курстарына, дайын зертханалық практикумдарға және компанияның сараптамалық қолдауына қол жеткізеді.

IBM Power Skills Academy бағдарламасына қатысу — ҚАУ-дың теория практикамен ұштасатын, ал студенттер халықаралық нарықта сұранысқа ие технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеретін білім беруге бағытталған тағы бір қадамы.

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.