Қазақ-Американдық университеті мен Ұлттық төлем корпорациясы «Қаржылық технологиялар» саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қазақ-Американдық университеті (ҚАУ) мен Ұлттық төлем корпорациясы (ҰТК) «Қаржылық технологиялар» бағдарламасын дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл серіктестік студенттерге бірегей мүмкіндіктер ұсынады: ҰТК сарапшыларының қатысуымен өтетін білім беру іс-шаралары, тағылымдамалар, әлемдік финтех индустриясының көшбасшыларымен өзара әрекеттесу, сондай-ақ ҰТК мамандарының бағдарлама оқытушылары ретінде қатысуы.
«Қаржылық технологиялар» бағдарламасы алғаш рет 2024 жылдың қыркүйегінде іске қосылды. Алғашқы студенттер легі финтех саласындағы жетекші маман болуға қажетті білім мен дағдыларды меңгеруді бастап кетті.
Central Asian Venture Forum аясындағы панельдік сессияда ҚАУ басқарушы серіктесі Алина Абдрахманова университеттің білім беру бастамалары мен Yassa жобалары туралы баяндама жасады. Ол Қазақстандағы алғашқы fintech бакалавриат бағдарламасының маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар ҚАУ Visa компаниясымен ынтымақтастық орнату бойынша келіссөздер жүргізуде. Бұл студенттерге саладағы жетекші мамандардан білім алуға және халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.