KAU
Образовательные программы

Цифрлық маркетинг және креативті индустриялар

Код программы
6B04112
Срок обучения
4 жыл оқу
Уровень
Бакалавриат
Направление
Гуманитарлық ғылымдар және креативті индустриялар факультеті

KAU – дағы Цифрлық маркетинг және креативті индустриялар – заманауи маркетингті, аналитиканы, цифрлық технологиялар мен креативті кәсіпкерлікті біріктіретін білім беру бағдарламасы.

Бағдарлама брендтермен және цифрлық өнімдермен практикалық жұмыс істеуге бағытталған: аудиторияны зерттеу мен креативті тұжырымдамалар әзірлеуден бастап, жарнамалық кампанияларды іске қосу, деректерді талдау және маркетингтік жобаларды басқаруға дейін.

Оқыту тілі

Қазақ, ағылшын, орыс

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Маркетингтік аналитиканы, цифрлық коммуникацияларды, брендті басқару құралдарын және заманауи технологияларды пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті өнімдер мен жобаларды әзірлеп, ілгерілете алатын цифрлық маркетинг және креативті индустриялар саласындағы мамандарды даярлау.

Сіз не үйренесіз

цифрлық ілгерілету стратегияларын әзірлеу
аудитория мен тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу
брендтерді құру және дамыту
digital-кампанияларды жоспарлау және performance-маркетинг құралдарымен жұмыс істеу
маркетингтік деректерді талдау және нәтижелерді визуализациялау
креативті тұжырымдамалар әзірлеу және жобаларды басқару
маркетинг пен креативті индустрияларда жасанды интеллектті қолдану

Бағдарламаның ерекшеліктері

цифрлық маркетинг және заманауи digital-коммуникациялар
маркетингтік аналитика және деректерді визуализациялау
визуалды коммуникациялар және дизайн-ойлау
бренд пен клиенттік тәжірибені басқару
медиажоспарлау және performance-маркетинг
маркетингтегі жасанды интеллект
креативті жобаларды басқару
зияткерлік меншік құқығы және цифрлық коммуникациялар этикасы

Мансап мүмкіндіктері

Бағдарлама түлектері жұмыс істей алады: digital-маркетологтар
performance-маркетолог және медиажоспарлаушы
бренд-менеджер
маркетингтік аналитик
креативті және digital-жобалар менеджері
маркетингтік коммуникациялар маманы
жеке бизнес және креативті жобалардың негізін қалаушы ретінде жұмыс істей алады.

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.