KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 23.09.2026

KAU ағылшын тілі саласындағы халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуде

Қазақ-Америка университетінде АҚШ Елшілігінің өкілдері: Regional English Language Officer Ким Чилмоник, Public Engagement Specialist Жанна Токтарова және English Language Coordinator Нұргүл Жанабаевамен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты ағылшын тілін оқытуды дамыту, оқытушылардың біліктілігін халықаралық білім беру бағдарламалары арқылы арттыру және академиялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылау болды.

Кездесу барысында English Language Fellows, English Language Specialists және Fulbright бағдарламаларының мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар, халықаралық сарапшыларды ҚАУ-ға тартудың түрлі форматтары талқыланды. Олардың қатарында қысқа мерзімді сапарлар мен шеберлік сабақтары, оқытушылық қызмет, профессор-оқытушылар құрамына арналған тренингтер және ұзақ мерзімді академиялық серіктестік бар.

Тараптар ҚАУ-дың одан әрі дамуына практикалық тұрғыдан маңызды болатын бағыттарға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, ағылшын тілінде оқыту (English Medium Instruction, EMI), пәнді тіл арқылы оқыту (Content-Based Instruction), ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістемелері, сондай-ақ білім беру үдерісінде жаңа технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ болашақ бірлескен бастамаларды іске асыру және қаржыландырудың ықтимал тетіктері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚАУ халықаралық серіктестермен бірлесіп жүзеге асыруға болатын нақты жобаларды айқындауды жоспарлап отыр. Бұл бастамалар оқытушылардың кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, студенттердің халықаралық тәжірибе алуына жол ашады.

Қазақ-Америка университеті халықаралық серіктестікті нығайту және білім беру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді.

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.