KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 28.07.2026

KAU мен Банк ЦентрКредит арасындағы білім беру және мансап саласындағы серіктестік

Қазақ-Америка Университетінің (KAU) президенті Асылбек Исахов пен «Банк ЦентрКредит» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Бекдауыл Иптилдаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім тәжірибеге бағдарланған білім беруді дамытуға және қаржы саласын оқу үдерісіне кеңінен енгізуге бағытталған. Ұйым сарапшылары KAU-дың бейіндік кеңестерінің жұмысына қатысып, қонақ дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізеді, сондай-ақ студенттердің курстық және дипломдық жұмыстарын қорғауға атсалысады. Бұл студенттерге саланың нақты кейстерімен танысуға және қазіргі қаржы нарығының талаптарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Серіктестік аясында студенттер мен түлектердің кәсіби дамуына және жұмысқа орналасуына ерекше көңіл бөлінеді. Тараптар тағылымдама және өндірістік практика бағдарламаларын дамытып, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін, Мансап күндерін және Банк мамандарының қатысуымен басқа да іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Ынтымақтастық мектеп оқушылары мен студенттерге арналған олимпиадалар, байқаулар, шахмат турнирлері және білім беру жобаларын ұйымдастыруды да қамтиды. Қаржылық сауаттылықты арттыру, жастардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту және әлеуметтік осал санаттарға жататын білім алушыларды қолдау басым бағыттардың қатарында.

Меморандумға қол қойылған күні Банк ЦентрКредит KAU кітапханасына белгілі қазақстандық жазушы және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» кітабының 72 данасын табыстады. Басылымдар оқу және мәдени-ағартушылық мақсаттарда пайдаланылады. Жаңа серіктестік университет пен қаржы саласы арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің тәжірибелік даярлық мүмкіндіктерін кеңейтеді және болашақ мамандарға сұранысқа ие білім мен алғашқы кәсіби тәжірибені оқу кезінде-ақ алуға көмектеседі.

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.