Дипломатиялық қатынастарды орнату туралы дәріс
Қазақ-Американ университетінде KAU профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Нұрлан Бегалиевтің дәрісі өтті. Іс-шара «Астана» Дипломатиялық клубымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Профессор студенттерге мемлекеттер арасында дипломатиялық қатынастардың қалай орнатылатынын және бұл үдерістің халықаралық ынтымақтастық үшін неге маңызды екенін түсіндірді. Ол елдер арасындағы ресми қатынастар өзара мойындау, сенім және диалогқа дайындық негізінде қалыптасатынын атап өтті.
Дәріс барысында мемлекеттер арасындағы байланыстардың дамуына ықпал ететін тарихи және мәдени факторлар да қарастырылды. Спикер Қазақ КСР Ғылым академиясындағы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіндегі және халықаралық ұйымдардағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Соңында студенттер Нұрлан Бегалиевпен қазіргі әлемдегі дипломатияның рөлі, елдер арасындағы ресми мойындаудың маңызы және мәдениеттің халықаралық қатынастарға әсері туралы пікір алмасты.