KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 16.01.2026

Astana Hub және KAU ынтымақтастық бағытын қалыптастыруда

Astana Hub және KAU ынтымақтастық бағытын қалыптастыруда

Астанада Қазақ-Американдық университетінің президенті Асылбек Исахов пен халықаралық IT-стартаптар технопаркі Astana Hub-тың бас директоры Мағжан Мадиевтің кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы ғылыми-білім беру саласындағы ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері болды.

ҚАУ президенті университеттің негізгі даму бағыттары туралы айтып, оқу орнында студенттердің кәсіпкерлік ойлауын дамытуға арналған экожүйе қалыптасып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ҚАУ-да ашылатын студенттік инновациялар офисі IT және AI саласындағы жаңа идеялар мен жобалардың орталығына айналатынын жеткізді.

Astana Hub-пен әріптестік цифрлық индустрияға мамандар даярлау ісіне технопарк резиденттерін тартуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Мағжан Мадиев Astana Hub-тың жетістіктері мен даму жоспарлары туралы айтып, «Startup Academy» жобасын пилоттық режимде ҚАУ базасында іске қосуды ұсынды.

Сондай-ақ Astana Hub алаңындағы жетекші компания өкілдерін ҚАУ студенттері мен оқытушыларына арналған дәрістер, мастер-кластар өткізуге, өндірістік тәжірибе мен тағылымдамалар ұйымдастыруға тартуға қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен іс-шаралар өткізуге, ҚАУ студенттерін Astana Hub іс-шараларына волонтер ретінде қатыстыруға және IT мен AI бағыттарындағы білім беру бағдарламаларын Astana Hub ұсыныстарын ескере отырып дамытуға келісті.

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.