KAU студенті ғылыми-әдістемелік форумда 1 орын алды
Қазақ-Америка университетінің студенті Әлішер Батырбекұлы Raimov Forum «Жаһандық трансформация жағдайындағы ғылым, білім және инновациялар» аясында өткен студенттік эсселер байқауында I орын алды.
Қазақстан мен Қырғызстаннан қатысушыларды біріктірген байқауда ҚАУ студенті «Кәсіпкерлік – Қазақстанның экономикалық дамуының жолы» тақырыбындағы эссесін ұсынды. Өз жұмысында ол еліміз үшін өзекті тақырыптардың бірі – Қазақстанның экономикалық дамуындағы кәсіпкерліктің рөліне тоқталды.
Әлішер Батырбекұлы «Халықаралық бизнес және кәсіпкерлік» білім беру бағдарламасында білім алады. Байқау жұмысының ғылыми жетекшісі – Асанова Тумар Амангельдиновна.
Форумда Қазақ-Америка университетінің атынан Жанель Айтахын мен Нұрайым Рашитова да қатысты. Студенттер байқауға қатысып, қатысушы сертификаттарымен марапатталды.
Әлішер Батырбекұлын жеңісімен, ал ғылыми жетекшісі мен барлық қатысушыларды Raimov Forum-дағы сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!
