ҚАУ студенттері Shakhmardan Yessenov Foundation қорының грантын ала алады
Құрметті студенттер!
Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру қоры hard skills және/немесе soft skills дағдыларын дамытуға арналған қосымша оқуға 10 грант беру конкурсын жариялайды.
Егер сіз:
- Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз;
- Қазақстан жоғары оқу орнының студенті немесе жұмыс істеп жүрген маман болсаңыз;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе денсаулық сақтау саласында білім алып жүрсеңіз немесе еңбек етсеңіз;
- кәсіби және жеке дағдыларыңызды дамытуға ұмтылсаңыз,
онда сізде онлайн немесе офлайн форматтағы, ұзақтығы 10 айға дейінгі оқу бағдарламасынан өтуге мүмкіндік беретін грант ұтып алу мүмкіндігі бар.
Грант көлемі – 600 000 теңге.
Қатысу үшін 2026 жылғы 14 қазанға дейін қордың сайтында өтінім толтырып, қажетті құжаттарды жүктеу қажет.
Міндетті құжаттар:
- жеке куәліктің көшірмесі;
- қосымша дағдылардың не үшін қажет екенін және олардың кәсіби әрі жеке өмірге қалай әсер ететінін түсіндіретін эссе;
- түйіндеме (CV).
Қосымша құжаттар:
- жетістіктер мен қызығушылықтарды көрсететін портфолио (3 құжаттан артық емес);
- ұсыным хат (1 құжатқа дейін);
- академиялық, ғылыми-зерттеу және инженерлік жетістіктерді, конференциялар мен семинарларға қатысуды растайтын сертификаттар (3 құжатқа дейін);
- жеке немесе бірлескен жарияланымдар (2 жарияланымға дейін);
- соңғы оқу орнының дипломы (бар болған жағдайда);
- қоғамдық белсенділік пен еріктілік қызметті растайтын сертификаттар (2 сертификатқа дейін).
Қор қосымша құжаттардың шектеулі санын ғана қарайды. Үміткерлерге өз жетістіктерін барынша көрсететін құжаттарды ұсыну ұсынылады.