KAU
Жаңалықтар мен оқиғалар 28.04.2026

ЮНЕСКО өкілі KAU-да

Қазақ-Америка университетінде ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің білім беру бағдарламалары бойынша ұлттық маманы Мейіргүл Алпысбаевамен кездесу өтті. Іс-шара «Астана» дипломатиялық клубының қолдауымен ұйымдастырылды.

Мейіргүл Алпысбаева ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы жобаларын, соның ішінде тұрақты даму, жаһандық азаматтық, АКТ және білім берудегі жасанды интеллект бағыттарын үйлестіреді. Стратегиялық жоспарлау және халықаралық жобаларды іске асыру саласында тәжірибесі бар. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мичиган штаты университетінің түлегі.

KAU президенті Асылбек Исаховпен кездесу барысында тараптар ынтымақтастық перспективаларын және спикердің университет іс-шараларына қатысу мүмкіндігін талқылады. Сонымен қатар тұрақты, инклюзивті және қауіпсіз академиялық орта қалыптастырудағы әлеуметтік-эмоционалдық оқытудың (SEL) рөліне ерекше назар аударылды.

Кейін қонақ KAU студенттеріне SEL тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында оның қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайындағы маңызы түсіндіріліп, бұл тәсілдің эмпатияны, диалог жүргізу дағдыларын, жауапты шешім қабылдауды және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу қабілетін дамытуға қалай ықпал ететіні көрсетілді. Дәріс соңында студенттер материалды бекітуге бағытталған интерактивті ойындарға қатысты.

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ
ҚАЛДЫ МА?
ӨТІНІМ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біздің кеңесшіміз сізбен жақын арада хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.