Қазақстандағы ҰБТ: талапкерлерді не күтеді және ҚАУ-ға қалай түсуге болады
Қазақстандағы ҰБТ: талапкерлерді не күтеді және ҚАУ-ға қалай түсуге болады
Бұл мақалада біз Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жүйесінде жоспарланып отырған өзгерістер, 2026 жылы талапкерлерді не күтетіні және ҚАУ-ға қалай түсуге болатыны туралы айтамыз.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-ға қатысты жоспарланған өзгерістер туралы мәлімдеді.
ҰБТ-2026: формат өзгермейді
2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті және екі бейіндік пән тапсырады.
Тапсырмалар саны — 120, тестілеу уақыты — 4 сағат (240 минут).
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге қосымша 40 минут беріледі.
2026 жылғы шекті баллдар:
• Математикалық сауаттылық — 3
• Оқу сауаттылығы — 3
• Қазақстан тарихы — 5
• 1-бейіндік пән — 5
• 2-бейіндік пән — 5
ҚАУ-ға түсу шарттары
Қазақ-Американдық университетіне түсу үшін:
• барлық бағыттар бойынша ең төменгі шекті балл — 50;
• құқықтану мамандығына — 75 балл қажет.
Әр пән бойынша минималды балл:
• Математикалық сауаттылық — 3
• Оқу сауаттылығы — 3
• Қалған пәндер — 5
ҚАУ халықаралық стандарттарға негізделген практикалық білім беру моделін ұсынады.
ҰБТ қалай өзгереді?
Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ-ны халықаралық деңгейде мойындатуға бағытталған бес жылдық трансформация жоспарын әзірлеуде.
Болашақта жаңа әдістеме:
• ҰБТ нәтижелерімен шетелдік университеттерге түсуге;
• аналитикалық және практикалық дағдыларды бағалауға;
• талапкерлерге артық жүктеме түсірмей, олардың оқу дайындығын анықтауға мүмкіндік береді.
Талапкерлерді қолдау
ҰБТ-ға дайындық үшін edunavigator.kz платформасы іске қосылды. Сонымен қатар, талапкерлерге сынақ тестілері, әдебиеттер, тарихи даталар мен қажетті материалдар ұсынылады.
Тестілеу кезінде калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді болады.