Қазақ-Американдық Университетінің президенті Қазақстан жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі / академигі болып сайланды
Қазақ-Американдық Университетінің президенті Қазақстан жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайланды
Қазақстан жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясының Президиумы Қазақ-Американдық университетінің президенті, доктор Исахов Асылбек Әбдіашымұлын Академияның толық мүшесі (академигі) етіп сайлау туралы шешім қабылдады.
Исахов Асылбек Әбдіашымұлы — PhD докторы, профессор, Қазақ-Американдық университетінің президенті, жоғары білім беру саласындағы танымал ғалым әрі басқарушы. Оның кәсіби қызметі академиялық даму, халықаралық ынтымақтастық және білім беру жүйесіне инновациялық тәсілдерді енгізу бағыттарын қамтиды.
Бұл мәртебе жоғары білім беру жүйесін, ғылыми зерттеулерді және академиялық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосқан ғалымдар мен жоғары оқу орындарының басшыларына беріледі.
Қазақстан жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясы — білім мен ғылымды дамытуға зор үлес қосқан профессорлар мен ғылым докторларын біріктіретін жетекші сараптамалық ұйым. Академия жоғары білім мен ғылыми саясат саласындағы стратегиялық бағыттарды қалыптастыруға арналған аналитикалық және сараптамалық қызмет жүргізеді.
Қазақ-Американдық университеті Исахов Асылбек Әбдіашымұлын шын жүректен құттықтап, ғылыми және басқарушылық қызметінде жаңа жетістіктер тілейді.
БАҚ үшін байланыс:
Қазақ-Американдық университетінің баспасөз қызметі
E-mail: admission@kau.kz
Сайт: www.kau.kz