Қазақ-Американдық университетінің президенті Қазақстанның TOP-100 CEO 2024 ұлттық рейтингіне енді
Қазақ-Американдық университетінің президенті Қазақстанның TOP-100 CEO 2024 ұлттық рейтингіне енді
Қазақ-Американдық Университетінің президенті Исахов Асылбек Әбдіашымұлы Kazakhstan Growth Forum ұйымы жыл сайын қалыптастыратын Қазақстанның TOP-100 CEO 2024 ұлттық рейтингіне енді.
Рейтинг ел экономикасы мен бизнес-экожүйесінің дамуына стратегиялық басқаруы мен бастамалары арқылы елеулі үлес қосып жүрген көшбасшыларды мойындауға бағытталған.
Бағалау төрт негізгі бағыт бойынша жүргізілді:
• Performance — ұйымның қаржылық көрсеткіштері мен тұрақты дамуы;
• Customer Satisfaction — клиенттердің қанағаттану деңгейі және брендке деген сенім;
• Competence — кәсіби тәжірибе, білім және кәсіби қауымдастықтарға қатысу;
• Leadership — саланы дамытуға, корпоративтік мәдениетке және қоғамдық белсенділікке қосқан үлесі.
Исахов Асылбек Әбдіашымұлының осы беделді рейтингке енуі оның жоғары басқарушылық құзыреттілігін, көшбасшылық қасиеттерін және стратегиялық ойлау қабілетін көрсетеді.
Оның жетекшілігімен Қазақ-Американдық Университеті академиялық позицияларын нығайтып, инновациялық тәсілдерді енгізіп, заманауи білім беру ортасын қалыптастыруда.
Асылбек Исахов білім саласындағы еңбек жолын 2005 жылы бастап, оқытушыдан университет басшысына дейінгі жолдан өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бакалавриат, магистратура және докторантураны тәмамдап, Германиядағы Гейдельберг университетінде тағылымдамадан өтті.
Бүгінде ҚАУ жаңа буын білім беру бағдарламаларын дамытып, цифрлық технологияларды енгізу арқылы еліміздің жетекші университеттері қатарындағы орнын нығайтып келеді.